Архив событий

18/08/2020

Судья «Атқарушылық іс жүргізуіндегі татуласу рәсімдері» жобасын ұсынды

18/08/2020

 Алматы қаласы Алмалы ауданының №2 аудандық сотында қашықтан тыс бейнеконференциялық байланыс арқылы дауларды сотқа дейін реттеу, татуластыру рәсімдері және оларды іске асыру туралы дөңгелек үстел өткізілді. Іс-шараға Алматы қаласы Алмалы ауданының №2 аудандық сотының төрағасы - С. Төлегенов, аудандық соттың судьялары Е. Байботаев , Ұ. Қажыкен қатысты. Шараға қатысушылардың ішінде Алматы қаласы прокуратурасының өкілдері, Алматы қалалық жеке сот орындаушыларының аймақтық палатасы басшысының орынбасары, Алматы қалалық адвокаттар алқасының адвокаттары, медиаторлар және заң қауымдастығының өкілдері болды.

Бұрынғы ерлі-зайыптылар арасындағы дүние мүлікті бөлу туралы дау бойынша партисипативтік келісім бекітілді

18/08/2020

Алматы қаласы Алмалы ауданы №2 аудандық сотында талап қоюшы «А.» жауапкер «С.»-ға қатысты ортақ мүліктің үлесі мен бөлінуін  анықтау туралы азаматтық іс қаралды.

Азаматтарды қабылдау онлайн режимінде өтті

18/08/2020

Алматы қаласы Алмалы ауданы №2 аудандық сотының кеңсе меңгерушісінің м.а. Аслан Боранов азаматтарды онлайн режимінде қабылдау жүргізді.

Іс-шараның мақсаты сот қызметінің ашықтығы мен қолжетімділігін арттыру, халыққа құқықтық көмек көрсету, құқықтық мәдениетті дамыту және азаматтардың сот жүйесіне деген сенім деңгейін көтеру.

«WhatsApp» мессенждері арқылы кеңсе меңгерушісінің м.а. Аслан Боранов жеке қабылдауында өз сұрақтарымен азаматша «Ж.» заң аясында тиісті жауаптарын алды.