Алматыда түнгі клуб қызметкерлеріне оқ атқан ер адамға үкім шықты

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласы Алмалы аудандық сотында Қазақстан Республикасы ҚК-нің 293-бабының 3-бөлігінің 2-тармағымен (газ қаруын қолданып бұзақылық), 287 бабының 2-бөлігімен (ұңғысыз атыс қаруын, жарақат салатын патрондармен ату мүмкіндігі бар газды қаруды, қысқа ұңғылы тегіс ұңғылы қаруды, сол сияқты олардың патрондарын заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) сотқа берілген сотталушы Ж. - ға қатысты қылмыстық істі қарау аяқталды.

Сот үкімімен Ж. қылмыстық құқық бұзушылықтарды  жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Сотталушы Ж.  түнгі клубының жанында газ қаруын алып, осы мекеменің қызметкерлеріне бірнеше рет оқ атқан.

Сот талқылауында сотталушы Ж.кінәсін толық мойындады. 

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Алмалы аудандық соты