Архив событий

24/08/2020

Соттың ықпалымен отбасы сақталды

24/08/2020

Алматы қаласы Алатау аудандық сотының татуластырушы судьясы Дәурен Айқұлов талап қоюшы А. мен жауапкер Т. арасындағы дауды медиация арқылы реттеу туралы келісімді бекітті.

Медиативтік келісім бектілді

24/08/2020

Алматы қаласы Алатау аудандық сотының татуластырушы судьясы Дәурен Айқұловтың күш-жігерінің арқасында қарыз сомасын өндіріп алу туралы азаматтық іс бойынша сот ісін жүргізу аясында тараптар медиациялық келісімге қол жеткізді

Бөтеннің мүлкін жасырын ұрлаушылар құрықталды

24/08/2020

Алматы қаласы Жетісу ауданының №2 аудандық сотынмен «WhatsApp» және «ZOOM» бағдарламалары арқылы Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 188 бабының 1 бөлігімен, 188 бабының 3 бөлігінің 2-тармақтарымен сотқа берілген К. мен Қазақстан Республикасының ҚК-нің 188 бабының 2 бөлігінің 1-тармағымен, 188 бабының 3 бөлігінің 2-тармағымен сотқа берілген Х.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.
Соттың үкімімен К-ге 3 жыл бостандығын айыру жазасы тағайындалды, жазаны қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша төмен мекемесінде өтеу белгіленді.

Баламен араласу тәртібін анықтау туралы талап арыз бойынша медиациялық келісім

24/08/2020

Алматы қаласының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі  мамандандырылған ауданаралық сотында талапкер О-ның жауапкер С-ке қатысты кемелетке толмаған балалармен араласу тәртібін анықтау туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Талапкер О. жауапкер С.-ке қатысты кемелетке толмаған балалармен араласу тәртібін анықтау туралы талап арызбен сотқа жүгінген.

Істі қарау барысында тараптарға дауды медиациялық тартіпте шешуге ұсыныс білдіріліп, уақыт берілген.