Архив событий

22/08/2020

Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру

22/08/2020

Алматы қаласы Жетісу ауданының №2 аудандық сотымен «Trueconf» және «ZOOM» бағдарламалары арқылы Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 106-бабы 1-бөлігімен айыпталған А-ға  қатысты қылмыстық іс қаралды.

2019 жылдың аяғында сотталушы «Ш» дәмханасының маңында тұрған кезінде, оның танысы Б. дәмханаға келуші С-мен арасында төбелесе бастаған.

Сол сәтте Д. есімді азамат оларды арашалау мақсатында Б-ға қарай жүгірген. Мұны көрген сотталушы А. сөмкесінен пышақ алып шығып, Д-ға қарай сермеген.