Үкім заңды күшіне енген жоқ

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

 

Алматы қаласы Бостандық ауданының №2 аудандық сотында Қазақстан Республикасының  ҚК-нің 346 бабы 1 бөлігімен (көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған, алкогольдік, есірткілік және (немесе)уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын осындай адамның басқаруына беру немесе көлік құралын осындай адамның басқаруына жол беру) айыпталған З-ға қатысты қылмыстық ісі қаралды.

2017 жылғы сәуір айының 1-де сағат 16.30 минут шамасында, З. алкогольді мастықтың жеңіл деңгейінде бола тұра, Қазақстан республикасы Жолда жүру қағидаларының 2,4,2, және 2,4,1 талаптарымен алкогольді мас күйде көлік басқаруға тиым салынғанын біле тұра, әдейі ескермей, бұрын көлік басқару куәлігнен айырылған жүргізуші З. «Шкода» маркалы көлігін Алматы қаласы Розыбакиев көшесімен оңтүстік бағытта Егізбаев көшелері қиылысында жүргізіп келе жатып, құқық қорғау органдарының қызметкері ұсталған.

Сотталушы З. басты сот талқылауында өзіне тағылған айыпты толық мойындады.

Сот үкімімен З. Қазақстан Республикасының  ҚК-нің 346 бабы 1 бөлігімен кінәлі деп танылып, 3 жыл мерзімге көлік басқару куәлігінен айыра отырып, 25 айлық есептік көрсеткіш 56725 теңге көлемінде айыппұл төлеу жазасы тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Алматы қаласы Бостандық ауданының №2 аудандық сотыныц баспасөз қызметі