Архив событий

24/07/2017

Талап арыз қанағаттандырусыз қалдырылды

24/07/2017

Алматы қаласы Алмалы ауданының № 2 аудандық сотында талапкер «С»-тің жауапкер Д-ға берген автокөлікті тізімнен шығару туралы талап арызы бойынша қозғалған азаматтық ісі қаралды.

Сотпен анықталғаны, азаматша «С» атында «ToyotaRaf4» атты автокөлік тіркелген. Аталған автокөлік 2002 жылы ұрланған, осыған орай қылмыстық іс қозғалған.

Сот қарызды өндіру, үйден шығару туралы талап қою арызын қанағаттандырды

24/07/2017

Алматы қаласының Алатау аудандық сотында талапкер «К» АҚ-ның жауапкер М-дан пәтерді жалға алу төлемдері бойынша қарызды өндіру, үйден шығару туралы талап қою арызы бойынша азаматтық ісі қаралды.

Сот шешіміне тараптардан шағым келтірілмеді

24/07/2017

Алматы қаласы Алмалы ауданының № 2 аудандық сотында талапкер А.  жауапкер Б-дан қарызды өндіру туралы  талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Талапкер А.  жауапкер Б-ның 1 464 000 теңге және 3 000 АҚШ  долларын кепіл хат негізінде қарыз алғандығын алға тартып сотқа жүгінді. Жауапкер көрсетілген уақытта міндеттемені орындамаған.

Талап арыз қанағаттандырылды

24/07/2017

Алматы қаласының Алмалы ауданының №2 аудандық сотымен Алматы қаласы ІІД-ның жауапкер М.-ның «В,С» категориялы жүргізуші куәлігінің жарамсыз деп тану және күшін жою туралы талап арыз бойынша азаматтық іс қаралған.

Шешімімен талап арыз қанағаттандырылды.

Себебі күшіне енген сот шешімімен жауапкер М. қабілетсіз деп танылған.

Шешім күшіне енді.

Дөңгелек үстел өтті

24/07/2017

Алматы қаласы Ауэзов ауданының №2 аудандық соты аудандық соттың судьяларының және Алматы қаласы Ауэзов ауданы Әкімдігінің,  Алматы қаласы Ауэзов аудандық прокуратурасының өкілдерінің қатысуымен  «2017 жылдың 1-ші жарты жылдығына қорытынды жасау» атты  тақырыпта дөнгелек үстел  өткізді.

Жазасын қылмыстық-атқарушылық жүйенің жоғарғы қауіпсіздік мекемесінде өтеу белгіленген

24/07/2017

Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297 бабы  3 бөлімі 3 тармағы бойынша айыпталған К.-қа қатысты қылмыстық іс қаралды.

«Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін тіркеу және есепке алу»

24/07/2017

Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін тіркеу және есепке алу» тақырыбында  Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің  бөлім прокуроры А.Умаров және статист М.Алимбаеваның қатысуларымен  дөңгелек үстел өткізілді.

Тараптар бітімгершілік келісіміне келді

24/07/2017

Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотымен «ТГ» ЖШҚ-ның жауапкер «ТГ» ЖШС-нен қарыз сомасын өндіру туралы арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Іс материалдарынан анықталғандай, «ТГ» ЖШҚ-мы жауапкер «ТГ» ЖШС-нен қарыз сомасын өндіру туралы талап арызбен сотқа жүгінген.

Сот отырысында тараптар өкілдері екі жақпен қол қойылған бітімгершілік келісімін келесі шарттарды бекітуді сұраған: «ТГ» ЖШС-гі «ТГ» ЖШҚ-ның пайдасына 8 727 370 теңге көлеміндегі ақша құралдарын бөліп төлеу арқылы төлем жасау міндетін өзіне алады. Келісімнің заңды күшіне енген сәттен және бітімгершілік келісімнің шарттарын орындаған сәттен «ТГ» ЖШҚ-мы болашақта «ТГ» ЖШС-не келтіретін шағымдардан бас тартады.

Тараптар арасында жасалған бітімгершілік келісімі заңға қайшы келмейді, бітімгершілік келісімнің шарттарын орындау ешкімнің құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделерін бұзбайды.

Сот ұйғарымымен бітімгершілік келісімі бекітілді.

Ұйғарым заңды күшіне енген жоқ.

Қызметкерлерінің заңды талаптарын орындамағаны үшін жүргізу құқығынан айырылды

24/07/2017

Алматы қаласы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты ҚР ӘҚБтК-нің 613  бабы 4 бөлігі бойынша  К-ға қатысты әкімшілік істі қарады.

2017 жылғы 7 мамыр күні сағат 22-20 К.,  «Мазда 626»  автокөлігін Алматы   қаласы Рыскулов көшесімен  басқара отырып, «9 қаңтар» көшесімен қиылысқан бұрышта  ішкі істер органдарының қызметкерлерімен тоқтатылған,  алайда полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбау түрінде іс әрекеттер жасаған.

«Таза қала үшін»

24/07/2017

Алматы қаласы мамандандырылған ауаднаралық әкімшілік сотында «Қоғамдық тәртіпке және имандылыққа қол сұғатын әкімшілік  құқық бұзушылыққа әкімшілік жауапкершілік» тақырыбында  дөңгелек үстел болып өтті.

Талапкердің талап арызы қанағаттандырылды

24/07/2017

Алматы қаласы Алмалы ауданының №2 аудандық сотында талапкер Алматы қаласының ІІД-нің жауапкер М-ға «В,С» категориялы  атына берілген көлік жүргізу куәлігін алып алу жолымен көлік құралдарын жүргізуге құқығын тоқтату туралы талап арызы бойынша азаматтық ісі қаралды.