Архив событий

18/07/2017

Қарыз өндіру туралы талап арызы

18/07/2017

Алматы қаласы Алмалы ауданының №2 аудандық сотымен талапкер «Platinum Collection» ЖШС-ның жауапкер «С»-ден қарыз өндіру туралы азаматтық ісі қаралды.

2013 жылғы 13 наурызда талапкер мен жауапкер арасында Банктік несие беру шартына сәйкес, жауапкерге 731 744 теңге көлемінде тұтынушылық несиесі берілгені сотпен анықталды.

Сот орындаушының іс-әрекетіне шағымдану

18/07/2017

Алматы қаласы Алмалы ауданының №2 аудандық сотында арызданушы «П»-ның  жеке сот орындаушысы Н-ның есепті қабылдау туралы іс-әрекетіне шағымы қаралды.

Сот барысында, арызданушыға сот орындаушысы тарапынан мүлік бағасының есебін сұрату туралы өтініші түскен, алайда арызданушы жеке сот орындаушынысын дұрыс түсінбей, онын әрекетіне шағымданды.

Мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп танылды

18/07/2017

Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотымен РММ-сі  жауапкер «А» ЖК-ін мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп тану туралы арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Іс материалдарынан анықталғандай, баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы хаттама негізінде  лот бойынша «А» ЖК-рі жеңімпаз болып танылды.

Талапкер мен жауапкер арасындағы өзара құқықтық қатынастар мемлекеттік сатып алу келісім шартынан туындаған. Келісімнің шарттары бойынша, жеткізіп беруші келісім шарттың қосымшасында көрсетілген шарт, талап және бағасы бойынша тауарды жеткізуге міндетті, ал  тапсырыс беруші келісімнің шарттары негізінде тауарды қабылдап төлемін жасауға міндеттенген, жеткізіп беруші келісім шарт бойынша өз міндеттерін тиісті орындаған жағдайда.

Келісімнің шарттары мен қосымшаларына сәйкес, жауапкер өсімдік түрінің материалдарынан жасалған 2000 дана сыпырғыш жалпы сомасы 672 000 теңгеге жеткізіп беруге міндеттенген. Тауарды жеткізіп беру мерзімі келісім шартқа қол қойған сәттен 16 күнтізбелік күн ішінде.

 Сонымен, сотпен негізді түрде анықталғаны, осы уақытқа дейін тауар жеткізілмеген.

Келісім шарттың 5.3 тармағында көзделген, жеткізіп берушімен тапсырыс берушіге техникалық сипаттамада көрсетілген талаптарға сәйкес тауарды жеткізген кезде ғана тауар жеткізілген болып саналады.

Сот шешімімен  РММ-нің талап арызы қанағаттандырылды.

Шешім заңды күшіне енді.

Еңбекақыны өндіру туралы талап арыз қанағаттандырылды

18/07/2017

Алматы қаласы №2 Алмалы аудандық сотында 64 талапкерлердің жауапкер «S» ЖШС-тен еңбек ақыны өндіру туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Сотта анықталғандай, «S» ЖШС-де өз қызметкерлерінің алдында берілмеген еңбек ақы сомасы пайда болып,  2017 жылдың қантар, ақпан айларында 64 талапкерге берешек болған.

Шет ел азаматына кіші және орта кәсіпкерлік субъектісі ретінде кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға жол берілмейді

18/07/2017

Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотымен ММ-нің жауапкер «К» ЖК-нің қызметін мәжбүрлі түрде тоқтату туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

 

«Медиация – дауды шешудің тиімді тәсілі»

18/07/2017

Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «Медиация – дауды шешудің тиімді тәсілі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстелге сот судьялары, «Халықаралық құқық қорғау орталығы» ҚБ-нің басшысы Ж.Жакупов және медиаторлар К.Ербалина, Э.Маженова, Е.Сегізбай, А.Мырзабек, А.Жазылбекова, Б.Кожамкуловтар қатысты.

Талапкердің талап арызы қанағаттандырылды

18/07/2017

Алматы қаласы Алмалы ауданының №2 аудандық сотында талапкер Алматы қаласы Алмалы ауданы бойынша мемлекеттік кірістер Басқармасының жауапкер А-дан  салық салынбайтын төлемнің, жеке табыс салығы бойынша есептелген сомасын өндіріп алу туралы талап арызы бойынша азаматтық ісі қаралды.

Істі қараусыз қалдыру туралы ұйғарым

18/07/2017

Алматы қаласы Алмалы ауданының №2 аудандық сотында С-ның «К»ЖШС-не жұмысқа орналастыру және жұмыстан мәжбүрлі жағдайда қалудан еңбек ақысын өндіру туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Сот шешімімен талап арыз ішінара қанағаттандырылды

18/07/2017

Алматы қаласы Алмалы ауданының №2 аудандық сотында талапкер «А»-ның жауапкер «Б»-дан  материалдық және моралдық шығынды өндіру туралы талап арызына сәйкес қозғалған азаматтық ісі қаралды.

Сот отырысында анықталғандай, «Алматыэлектротранс» ЖШС-нің қызметкері тарапынан, яғни жауапкер «Б»-нің кінәсінен талапкерге материалдық шығын келтірілген.