Талап арыз толықтай қанағаттандырылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотымен «Б и К» ЖШС-нің жауапкер «М-с» ЖШС-нен қарыз сомасын өндіру туралы арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Іс материалдарынан анықталғандай, 1 ақпан 2016 жылы  «Б и К» ЖШС-гі мен «М-с» ЖШС-гі арасында жеткізіп беру келісім шарты жасалған.

Келісімнің шарттарына сәйкес, талапкер жауапкерге сұранымда көрсетілген мерзімде және сұрыпталымда,  санында өнімді жеткізуге міндеттенген, ал жауапкер қабылдап және өнімді әрі қарай іске асыру мақсатында сатып алынған тауарға уақытылы төлем жасауға міндетті.

Келісім шарттың 4.1. тармағына сәйкес, жауапкермен жеткізілген өнім үшін төлем тиісті түрде рәсімделген және ұсынылған шот-фактуралар негізінде өнімді алған күннен 10 күнтізбелік күн ішінде жасалуы қажет.

Басқа жаққа тауарларды сату жүкқұжатына сәйкес жауапкердің жеткізіліп берілген өнім үшін қарызы 1 930 670 теңгені құраған.

Қаазақстан Республикасы  АК-нің 272-бабына сәйкес, міндеттеме – міндеттеме шарттары мен заң талаптарына сәйкес тиісінше орындалуға тиіс, ал мұндай шарттар мен талаптар болмаған жағдайда іскерлік қызмет өрісіндегі әдеттегі құқықтарға немесе әдетте қойылатын өзге де талаптарға сәйкес орындалуға тиіс.

Сот шешімімен талап арыз толық көлемде қанағаттандырылды.

Шешім заңды күшіне енді.   

Қайнар: 
Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты.