Архив событий

11/09/2017

Меморандумға қол қойылды

11/09/2017

Алматы қаласы Медеу аудандық сотының атынан сот төрағасы Е.Тотыбай-тегі және Алматы қаласы бойынша «Медиация даму орталығы» МҚБ-нің өкілдігінің директоры Қ.Созақбайұлы арасында  бітімгершілік рәсімдерін кеңейту және медиация институтын дамыту мақсатында өзара ынтымақтастық Меморандумына қол қойылды.

Талап арыз толықтай қанағаттандырылды

11/09/2017

Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотымен «Б и К» ЖШС-нің жауапкер «М-с» ЖШС-нен қарыз сомасын өндіру туралы арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Дауды медиация тәртібімен реттеу

11/09/2017

Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотымен «GS PK» ЖШС-нің жауапкер «НГСК КСС» АҚ-нан 21 681 443 теңге көлемінде негізгі қарыз сомасын және 6 286 475 теңге тұрақсыздық сомасын өндіру туралы арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Келісімнің шарттары орындалмаған

11/09/2017

Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотымен «КИМЭП» АҚ-ның жауапкер «А» ЖК-нен 455 519 теңге көлемінде қарыз сомасын өндіру туралы арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Талапкердің арызы заңды және негізді

11/09/2017

Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотымен «К» АҚ-ның жауапкер «R» ЖШС-нен қарыз сомасын өндіру туралы арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Сотта «Дөңгелек үстел» өткізілді

11/09/2017

Алматы қаласы Әуезов аудандық сотында «дөңгелек үстел» өткізілді. «Дөңгелек үстел» жұмысына Алматы қалалық сотының судьясы Е.Кененбаев, аудандық соттың судьялары,Алматы қаласы Әуезов ауданының прокурорының орынбасары Е.Сәрсеков, Алматы қаласы ІІД-нің Әуезов аудандық ІІБ-ның тергеу бөлімінің бастығы Б.Кетпенбаев, Алматы қаласы ІІД-нің Әуезов аудандық ІІБ-нің анықтау бөлімінің бастығы М.Испанов, Алматы қаласы ІІД-нің  Әуезов аудандық ІІБ-сы жанындағы полиция бөлімі бастығының орынбасары Р.Мусаев қатысты.

Тараптар медиативтік келісімге жетті

11/09/2017

Алматы қаласы Бостандық аудандық сотында талапкер «А»-ның жауапкерлер «И» мен «Р»-ге қатысты жауапкерлерді өз шотынан тұрғын емес уй жайды оқшаулау туралы азаматтық іс қаралды.

Қылмыстық іс медиация тәртібінде қысқартылды

11/09/2017

Алмалы аудандық сотында Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодекстің 24-бабы 3-бөлігі 188-бабының 2-бөлігінің 3-тармағының (ұрлық) көзделген қылмысты жасаған П.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды