Архив событий

15/09/2017

Қазақстан Республикасының азаматтық туралы заңнамасын бұзғаны үшін айыппұлға тартылды

15/09/2017

Алматы қаласы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты Қазақстан Республикасы  ӘҚБтК-нің 496 бабының 2 бөлігімен (Қазақстан Республикасының азаматтық туралы заңнамасын бұзу) R.-ға қатысты әкімшілік істі қарады.

Сотта бейнеконференцсжүйесімен материал қаралды

15/09/2017

Алматы қаласы Түрксіб аудандық сотында Қазақстан Республикасының ҚК-нің 190-бабының 3-бөлігімен Алматы қаласы №2 Медеу аудандық сотының үкімімен 3 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған сотталушы А-ны қауіпсіздігі төмен мекемеге ауыстыру туралы Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі Департаментінің ЛА-155\18 Мекеме бастығының ұсынысы  бейнеконференцжүйесі арқылы  ашық сот мәжілісінде қаралды.

Қарыз сомасы өндірілді

15/09/2017

Алматы қаласы Наурызбай аудандық сотында оңайлатылған іс жүргізумен талапкер «S» ЖШС-ның жауапкер К-дан қарыз ақшаны өндіру туралы азаматтық ісі қаралды.

Сот бітімгершілік келісімді бекітті

15/09/2017

Алматы қаласының № 2 Әуезов аудандық  сотында талапкер Ж. жауапкер «АиФ» ЖШС-на жұмысқа қайта орналастыру, есептік құралдардың өтемақысын өндіру, тұрақсыздық айыбын өндіру және мәжбүрлі жарамсыздық күндер бойынша айлық сомасын өндіру туралы азаматтық іс қаралды.

Бейнеконференцжүйесі арқылы сот мәжілісі жүргізілді

15/09/2017

Алматы қаласы Түрксіб аудандық сотында Қазақстан Республикасының ҚК-нің 287-бабының 4-бөлігімен Алматы қаласы Алатау  аудандық сотының үкімімен 3 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған М-ның жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жаза түріне ауыстыру туралы өтініші бейнеконференцжүйесі арқылы ашық сот мәжілісінде қаралды.

Үкім шығарылды

15/09/2017

Алматы қаласы Алмалы аудандық сотында Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296 бабының 1,2 бөліктерімен (есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен, прекурсорлармен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) сотқа берілген  У.-ке қатысты  қылмыстық іс қаралды.

Талап арызды қанағаттандырусыз қалдырды

15/09/2017

Алматы қаласы Алмалы ауданының №2 аудандық сотында талапкер «М»-нің жауапкер «С» ЖШС-не материалдық шығынды, мемлекеттік баж салығын өндіру туралы азаматтық ісі қаралды.

Жүргізуші куәлігінен айырылды

15/09/2017

Алматы қаласы Алмалы ауданының №2 аудандық сотында талапкер Алматы қ. ішкі істер Департаментінің жауапкер М-ға берген 1985 жылы туылған азамат, 18.03.2014 жылы AQ №024967 сериясы «ВС» категориялы М.-ның атына берілген көлік жүргізу куәлігін алып алу жолымен көлік құралдарын жүргізуге құқығын тоқтату туралы талап арызы бойынша азаматтық ісі қаралды.