Сотта «Дөңгелек үстел» өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласы Әуезов аудандық сотында «дөңгелек үстел» өткізілді. «Дөңгелек үстел» жұмысына Алматы қалалық сотының судьясы Е.Кененбаев, аудандық соттың судьялары,Алматы қаласы Әуезов ауданының прокурорының орынбасары Е.Сәрсеков, Алматы қаласы ІІД-нің Әуезов аудандық ІІБ-ның тергеу бөлімінің бастығы Б.Кетпенбаев, Алматы қаласы ІІД-нің Әуезов аудандық ІІБ-нің анықтау бөлімінің бастығы М.Испанов, Алматы қаласы ІІД-нің  Әуезов аудандық ІІБ-сы жанындағы полиция бөлімі бастығының орынбасары Р.Мусаев қатысты.

Аталған іс-шараның мақсаты – тергеу судьясы жұмыс істеу кезінде туындайтын проблемалық сұрақтарды анықтау және олардың шешу жолдарын ұсыну.

Алматы қалалық сотының судьясы Е.Кененбаев «дөңгелек үстел» барысында «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарынын қадамдардың бірі 22–ші – бұл адамның және азаматтардың конституциялық құқығын шектейтін барлық тергеу қызметі жөніндегі өкілеттілікті тергеу судьясына біртіндеп беруді қамтамасыз ету арқылы сотта айыпталушы және қорғаушы арасындағы теңгерімді қамтамасыз ету» деп атап өтті.

Биыл шілде айында Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқыққорғау жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Заң қабылданды, және бұл Заң аталған бағдарламалық ережені іске асырады.

Қазақстан Республикасы  ҚПК-нің 54 бабына сәйкес, тергеу судьясы – бірінші сатыдағы соттың судьясы, оның өкілеттігіне қылмыстық сот ісін жүргізуде адам құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерінің сақталуына сот бақылауын осы Кодексте көзделген тәртіппен жүзеге асыру жатады.

Тергеу судьясы өкілеттілігі біртіндеп кеңейтілуде, қазіргі таңда Қазақстан Республикасы  ҚПК-нің 55 бабына сай,   олардың өкілеттілігіне тергеу амалдарының 16 сұрағын санкциялау кіреді. Бүл заңнаманын гуманизациясымен және тергеу судьясының өкілеттігін кеңейтуіне байланысты.

Сонымен қатар, аудандық соттың судьясы Д.Джузбаева енгізілген өзгерістерге нақты тоқталып,  санкция беру мәселелері бойынша салыстырмалы талдаужасады.

Сонымен бірге, тергеу судьяларының назарына жадығаттарды қайта рәсімдеуге жіберу фактілерін жою, күзетпен ұстау туралы санкциялауға қатысты өтініштерді қарау кезінде, күдіктіге психикалық немесе күш көрсету туралы хабарға әрекет ету шараларын қолдану қажеттілігі туралы жеткізілді.

Іс-шара қорытындысы бойынша құқыққорғау органдарының өкілдеріне заңнама талаптарын мүлтіксіз орындау ұсынылды және сотта санкция материалдары бойынша жадынама әзірленіп, олардың көшірмелері дөңгелек үстелге қатысушыларға берілді.

Қайнар: 
Алматы қаласы Әуезов аудандық сотының баспасөз қызметі