Сот лицензияның қолданылуын тоқтату туралы талап арызды қанағаттандырды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласының № 2 Әуезов аудандық сотында Алматы қаласының Әділет Департаментінің қорғаушы А. қатысты лицензияның қолданылуын  тоқтату туралы азаматтық іс қаралды.

Талапкер сотқа арызбен жүгіну себебін келесідей негіздеді: қорғаушы А. өзінің қызметтік міндеттерін тиісінше орындамай Қазақстан Республикасының заң талаптарын және мекеме принциптері мен адвокаттық әрекетшілдікті бірнеше рет және өрескел бұзғаны үшін аталған шағыммен сот жүгінуін түсіндірді.

15.05.2017 жылы Алматы қаласының Әділет Департаментіне Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігінен «Ю» ЖШС-нен қорғаушы А. қатысты шағым түсті.

Аталған шағымға сәйкес, «Ю» ЖШС-мен қорғаушы А. арасында «ACG» ЖШС-нің «Ю» ЖШС алдындағы 61 778 761 теңге көлеміндегі берешегін өндіріп беру туралы, оның ішінде Алматы қаласының құқық қорғау органдарында  «ACG» ЖШС-нің директоры Ц. үстінен қозғалған қылмыстық іс бойынша қорғаушының қызметін көрсету туралы 09.09.2014ж. шарт жасалып, оған 2 000 000 теңге және кейіннен 500 000 теңге берілген. «ACG» ЖШС-нің директоры Ц. ұсталғаны туралы қорғаушы А. хабарланған болатын, кейін қорғаушы шарт бойынша келіскен ісімді бітіремін деп сендірген. Бірақ, осы оқиғалардан кейін қорғаушы А. «Ю» ЖШС-мен байланысты үзіп, шарт бойынша келіскен өз міндеттерін тиісінше орындамаған.

Сот шешімімен талап арызқанағаттандырылды.

Шешім заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Алматы қаласы Әуезов ауданының №2 аудандық соты