«Медиация – дауды шешудің тиімді тәсілі»

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «Медиация – дауды шешудің тиімді тәсілі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстелге сот судьялары, «Халықаралық құқық қорғау орталығы» ҚБ-нің басшысы Ж.Жакупов және медиаторлар К.Ербалина, Э.Маженова, Е.Сегізбай, А.Мырзабек, А.Жазылбекова, Б.Кожамкуловтар қатысты.

Дөңгелек үстелдің негізгі мақсаты болып ҚР Жоғарғы Сотының пилоттық жобасы бөлек даулар санатын сотқа дейін медиация тәртібімен реттеу мақсатында жүзеге асырылуы, сонымен қатар медиация тәртібімен қаралып, аяқталатын істер туралы, дауды медиация тәртібімен шешу үшін медиаторлардың ықпалы туралы сұрақтар талқыланды.

Сот төрағасы Д.Балықовтың ойы бойынша, сот талқылауына дейін жеткізбей, дауды медиация тәртібімен шешу үшін жақсы дайындықтан өткен медиаторлар болуы тиісті, медиатор –жақсы психолог болуы қажет,  медиаторлар тараптарды келісімге келуге көндіре білуі керек.

 «Халықаралық құқық қорғау орталығы» ҚБ-нің медиаторы А.Мырзабек дауды медиация тәртібімен реттеу  ҚР Жоғарғы Сотының пилоттық жобасы негізінде қылмыстық өндірісінде де кеңінен қолданылатынын атап айтты.   

Қайнар: 
Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының баспасөз қызметі