Келісімнің шарттары заңнамаға қайшы келмейді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласының №2 Әуезов аудандық  сотында талапкер «Тиолайн» ЖШС-нің жауапкер Д.-нан 8 739 512 теңге көлеміндегі есептік берушілікті өндіру және қарсы талап арызы бойынша талапкер Д.-ның жауапкер «Тиолайн» ЖШС-нан қаржылық, шаруашылық жүргізу және бухгалтерлік серіктестік аудит тағайындау және соманы өндіру туралы азаматтық іс қаралды.

Іс материалдарынан анықталғандай, талапкер «Тиолайн» ЖШС сотқа жүгініп, жауапкерден 8 739 512 теңге көлеміндегі есептік берушілік сомасын өндіруді, ал қарсы талап арыз бойынша талапкер Д. сотқа жүгініп, жауапкер  «Тиолайн» ЖШС-нан қаржылық, шаруашылық жүргізу және бухгалтерлік серіктестік аудит тағайындауды және 2 211 562 теңге соманы өндіруді сұраған.

Азаматтық істі қарау кезінде, тараптар соттан келісілген шарттар негізінде дауды бітімгершілік тәртібімен реттеу келісімін бекітуді және іс бойынша өндірісті тоқтатуды сұраған.

Бітімгершілік келісімі жасалған сәттен талапкер «Тиолайн» ЖШС жауапкер Д. қатысты және қарсы талап арыз бойынша талапкер Д. жауапкер  «Тиолайн» ЖШС-на қатысты талап арыздарынан бас тартады, ал «Тиолайн»  ЖШС-гі талапкерге 2 211 562 теңге көлеміндегі соманы 31 желтоқсан 2017 жылға дейін  өтеуге міндеттенген, сонымен қатар екі тарап бітімгершілік келісімінің шарттарын орындауға міндеттелді.

Келісімнің шарттары ешкімнің құқықтарын шектемейді, әрекет етуші заңнамаға қайшы келмейді және екі жақтың мүддесі негізінде жасалған.

Сот ұйғарымымен тараптар арасындағы дауды бітімгершілік тәртібімен реттеу туралы келісімін бекітті.

Ұйғарым заңды күшіне енген жоқ.

 

Источник: 
Алматы қаласы Әуезов ауданының №2 аудандық соты