Дауды медиация тәртібімен реттеу

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотымен «GS PK» ЖШС-нің жауапкер «НГСК КСС» АҚ-нан 21 681 443 теңге көлемінде негізгі қарыз сомасын және 6 286 475 теңге тұрақсыздық сомасын өндіру туралы арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Іс материалдарынан анықталғандай, «GS PK» ЖШС-гі сотқа жүгініп, «НГСК КСС» АҚ-нан 21 681 443 теңге көлемінде негізгі қарыз сомасын және 6 286 475 теңге тұрақсыздық сомасын өндіру сұраған.

Сот мәжілісі барысында, тараптар өкілдері тараптар арасында келісілген шарттар негізінде дауды медиация тәртібімен реттеу келісімін бекітуді? Яғни жауапкер талапкерге 100 000 теңге өкіл шығындарын және 189 367 теңге өсімпұл сомасын соттың келісімді бекіту туралы ұйғарымды шығарғаннан кейін 10 жұмыс күні ішінде төлеуге міндеттенген. Төлем талапкердің есеп шотына банк аударымы арқылы жүзеге асырылады. Ұсынылған келісімге қол қойылғаннан кейін және келісім бойынша қабылданған міндеттер орындалғаннан кейін, талапкер талап арыздан толық көлемде бас тартады.

Келісімнің шарттары ешкімнің құқықтарын шектемейді, әрекет етуші заңнамаға қайшы келмейді және екі жақтың мүддесі негізінде жасалған.

Сот ұйғарымымен тараптар арасындағы дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімі бекітілді.

Ұйғарым заңды күшіне енді.

Источник: 
Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты