Архив событий

30/04/2014

Бұрынғы полиция қызметкерлері сотталды

30/04/2014

Алматы қаласы Түрксіб аудандық сотымен Бахытжан Ускенбаевич Колдасбековты, Медет Дәренбекұлы Әкімқанды Қазақстан Республикасының ҚК 141-1 бабының 2 бөлігі «а» (Қинау) тармағымен көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танып, мемлекеттік қызметте және құқық қорғау органдарында үш жылға дейін қызметке орналасу құқығынан айырумен байланысты  екі жылға дейін бас бостандығынан айыру, жазаны жалпы режимдегі түзеу колониясында өтеу жазасы  тағайындалды.

Жазаның мерзімі Алматы қаласының ТИ-1 ұсталғаннан бастап есептелсін.    

Үкім жарияланды

30/04/2014

Алматы қаласы Әуезов аудандық соты ҚР ҚК-нің 103 бабы 2 бөлігі «ж» (денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру) тармағымен К.Бабазовты кінәлі деп тауып, оған осы бап бойынша 5 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Жазасын өтеу жалпы тәртіптегі  түзеу колониясы белгіленді.

Үкім 15 тәулік ішінде апеляциялық тәртібімен шағым әкелуге немесе наразылығын келтіруге құқылы.