Архив событий

24/04/2014

Өтемісованың ісі таяуда

24/04/2014

2014 жылдың 24 сәуірінде Алмалы аудандық сотында Өтемісованың ісі бойынша жарыссөз өтті. Мемлекеттік айыптаушы 7 жыл бас бостандығынан айыруды, 3 жыл мемлекеттік лауазымды қызмет атқармауын сұрады. Сот сараптама шығындарын өтеу үшін 58000 мың тенге талап етілді.

Студенттер арасында Дөнгелек үстел өтті

24/04/2014

2014 жылдың 24 сәуірінде О. Таңсықбаев атындағы Алматы сәндік қолтаңбалы өнер колледжінде «Жастардың арасындағы қылмыстың алдын алу» атты тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Аталған жиынға: Колледж директоры С. Шалабаев, Алматы қаласы Алмалы аудандық сотының төрайымы Қ. Бұқбанова және Алматы қалалық сотының баспасөз хатшысы Қ. Ешімет қатысты.

 

Алматы қаласындағы танымал жеңгетай Ольга Хамбулатоваға қатысты кезекті сот отырысы өтті

24/04/2014

Тергеу барысында анықталғандай, Серік Бегасылов бұрынғы танысы Хамбулатованың түрмеден мерзімінен бұрын босап шыққанын естіп, бизнесті қайта жандандыруды ұсынған және осы мақсатта топ мүшелерін қоныстандыру үшін Алматы қаласы Бекхожин көшесінің бойынан 34 үйді жалдаған. 

Осы қызметі үшін экс Алмалы ауданның ІІБ орынбасары Серік  Бегасылов Хамбулатовадан ай сайын 3000-4000 доллар көлемінде сыйақы алып отырған.