Архив событий

17/04/2014

ОРЫНДАЛМАҒАН ШЕШІМ СОТ БЕДЕЛІНЕ НҰҚСАН КЕЛТІРЕДІ

17/04/2014

Ел заңдары мемлекетіміздің кез келген азаматына ортақ. Қай құқықтық нормативтік актіні алсақ та, онда адамдардың заң алдында тең құқықты екені көрсетілген. Яғни, әр азамат өз құқығын қорғап, прокуратура немесе сот орындарына шағымдана алады. Дегенмен, соттың шешімін алу бір бөлек те, оның орындалуы өз алдына бір мәселе. Өйткені, сот шешімі орындалмайынша азаматтың немесе заңды тұлғаның құқықтары мен бостандықтары қалпына келтірілді деуге болмайды.