Жеке айыптау бойынша қылмыстық іс қысқартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласы Алмалы аудандық сотында Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодекстің 131 және 115 баптармен (қорқыту, қорлау) сотқа берілген «Н» азаматқа қатысты жеке айыптау бойынша қылмыстық іс қаралды.

 «К» айыптаушы 2008 жылы желтоқсан айынан бастап ЖШС-нің бас есепші ретінде жұмыс жасайды. 2015 жылдан бастап ЖШС-нің бас директоры «К» айыптаушымен сырттай жүріс жүру басталды. 2016 жылы қараша айынан бастап бас директорының әйелі «Н» айыпкері  айыптаушыға қоңырау шалып, қорқытып,  дөрекі тілмен айтып, қорлаған. Көрсетілген фактілер СМС-whatsapp қатынас хаттармен дәләлденеді. «Н» айыпкері заңсыз қылықтарымен  «К» айыптаушыға жан күйзелісі, қадір-қасиетті кемсіту ретінде моральдық зиян келтірген.

Сот отырысының барысында айыптаушыдан жеке айыптау туралы арыздан бас тарту және қылмыстық  істі  тоқтату  туралы  арыз  түсті.

Сот қаулысы бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодекстің 131 және 115 баптармен (қорқыту, қорлау) сотқа берілген «Н» азаматқа қатысты  жеке айыптау бойынша қылмыстық іс тоқтатылды.

Сот қаулысы заңды күшіне енді.

Қайнар: 
Алматы қаласының Алмалы аудандық соты