Архив событий

23/06/2017

Алматы қалалық сотында Мемлекеттік қызметші күнін атап өтті

23/06/2017

Бүгін Алматы қалалық сотында Мемлекеттік қызметші күнін мерекелеуге арналған салтанатты жиналыс қалалық сотының төрағасы Нұрғазы Әбдіқановтың, Алматы қаласы бойынша Соттар әкімшісі Данияр Қырықбаевтың, және оның орынбасарларының, сонымен қатар құрылымдық бөлімшелерінің басшыларының, Алматы қаласының соттарының кеңсе меңгерушілері мен мамандарының қатысуымен өткізілді.

Салтанатты жиналыс

23/06/2017

Алматы қаласы Медеу ауданының №2 аудандық сотында Мемлекеттік қызметші күні атап өтілді.

Алматы қаласы Медеу ауданының №2 аудандық сотының төрағасы Д. Мәукеев мемлекеттік қызметшілерге деңсаулық, сәттілік, жұмыста табыс пен қәсіби жетістікке жетуді тіледі. 

Аудандық сотта семинар өткізілді

23/06/2017

Алматы қаласы Бостандық ауданының №2 аудандық сотында сот қызметкерлері арасында Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы Заңының негізгі ережелері» тақырыбында семинар өткізілді.

Семинарда Бостандық ауданының №2 аудандық сотының кеңсе меңгерушісі А. Байбатырова баяндама жасады.

Медиация рәсімін қолдану арқылы істерді қарау тәжірибесімен бөлісті

23/06/2017

Алматы қаласы Түрксіб аудандық сотында 2017 жылдың 9-шы маусымында «Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының дауларды сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша медиация тәртібімен қарау жөніндегі пилоттық жобаны және азаматтық және қылмыстық істердің медиациямен қарау кезеңінде туындайтын маңызды мәселелерді» талқылау жөнідегі дөңгелек үстел өтті.

Суық қаруды заңсыз алып жүру

23/06/2017

Алматы қаласы Бостандық ауданының №2 аудандық сотында ҚР ҚК-нің 287бабы 1 бөлігімен (қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру)  айыпталған  Т-ға қатысты қылмыстық іс қаралды

Ақпараттық технологиялардың мүмкіндіктері түсіндірілді

23/06/2017

Алматы қаласы №2 Бостандық аудандық сотында Әль-Фараби атындағы КАЗҰУ-нің студенттерімен, қатысуымен соттың қызметі туралы «Семинар-трейнинг» өтті.  

Ашық есік күнін өткізу шеңберінде соттың кеңсе меңгерушісі А.Байбатырова, қатысушыларға ақпараттық жүйе «Төрелік» және «Сот кабинеті» электрондық ақпараттық жүйенің мүмкіндіктері туралы айтып берді.

Талап арыз толықтай қанағаттандырылды

23/06/2017

Алматы қаласы Жетісу аудандық сотында талапкер«Агенство по работе с дебиторами»  ЖШС-нің жауапкер М.-ға қатысты   қарыз соманы өндіру туралы талап арызы бойынша азаматтық  іс қаралды.

Мемлекеттік білім беру несиесі бойынша қарыз соманы өндіру туралы талап арыз қанағаттандырылды

23/06/2017

Алматы қаласы Жетісу аудандық сотында талапкер «Қаржы орталығы» АҚ-ның жауапкер М.-ға қатысты  мемлекеттік білім беру несиесі бойынша қарыз соманы өндіру туралы талап арызы бойынша азаматтық  іс қаралды.

Өзіне қойылған міндеттемелерді орындамау

23/06/2017

Алматы қаласы Жетісу аудандық сотында талапкер «БанкЦентрКредит» АҚ-ның жауапкер С.-ның  қатысуымен кепілге  салынған мүлікті өндіріп алу туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Сот шешімімен талап арыз қанағаттандырылды

23/06/2017

Алматы қаласы Жетісу аудандық сотында талапкер «Қазақстан Халық Жинақ Банкі» АҚ-ның жауапкер Е.-ге қатысты  банктік қарыз шарты бойынша қарыз соманы өндіру туралы азаматтық іс қаралды.

Қарыз соманы өндіру туралы талап арыз қанағаттандырылды

23/06/2017

Алматы қаласы Жетісу аудандық сотында талапкер Е. жауапкер Б.-ға берген қарыз соманы өндіру туралы талап арызы  азаматтық іс қаралды.

2014 жылдың қаңтар айының 24-і жұлдызында жазбаша жасалған қарыз шарты бойынша, жауапкер Б.К талапкер Е.К-дан 9 000 000 теңгені 2014 жылдың сәуір айының 24-і жұлдызына дейін қолхат арқылы  қарызға алған.