Жәбірленушіге келтірілген залалды өтеді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласы Алмалы аудандық сотында Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190 бабының 2 бөлігінің 2 тармағымен  (бөтеннің бірнеше рет мүлкін жымқыру немесе алдау немесе сенімді теріс пайдалану жолымен бөтен мүлiкке құқықты иемдену) сотқа берілген «А» азаматқа қатысты  қылмыстық іс қаралды.

2017 жылы 12 мамырда  «А» сотталушы кәмелетке толмаған К-азаматқа қоңырау шалу үшін ұялы телефонды сұрады. Жәбірленуші ештенеден күдіктенбей оған «Айфон 5» маркалы ұялы телефонды береді. «А» сотталушы телефон арқылы сөйлесуге еліктеп, шыға беріске бағыттап қылмыс орнынан жасырынып қалды. Сотталушы А. осыған  ұқсас қылмысты жасап, жалпы 195 000 теңгеге тең материалдық зиян келтірген.

Сотталушы сот отырысында тағылған айыпты толық мойындап, жасаған іс әрекеттеріне шын жүректен өкініп, жәбірленушіге келтірген залалдың орнын толтырып берді.

Сот қаулысы бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190 бабының 2 бөлігінің 2 тармағымен  сотқа берілген «А» азаматқа қатысты  қылмыстық іс медиация тәртібінде тоқтатылды.

Сот қаулысы заңды күшіне енді.

Источник: 
Алмалы аудандық сотының баспасөз қызметі