Жауапкердің қарызы салыстыру актісімен дәлелденген

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотымен «НК «А» АҚ-ның жауапкер «Е» ЖШС-нен қарыз сомасын өндіру туралы арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Іс материалдарынан анықталғандай,тараптар арасында №168 тұрғын емес үй-жайды жалға алу келісім шарты жасалған.

Келісімнің шарттарына сәйкес, талапкер жалға береді, ал жауапкер объектіні жалға қабылдап алады. Келісім шартқа сәйкес, жалға жер телімі берілген.

Келісім шарттың 3.1. тармағына сәйкес, ай сайынғы жалгерлік ақы төлемі 2 500 000 теңгені құрайды, ҚҚС-ғын есепке ала отырып. Жалға алу төлеміне коммуналдық қызмет үшін төлемдер, ағымдағы және күрделі жөндеу жұмыстарына бөлінген сома, объектіге көрсетілген қызмет сомасы қосылмайды.

Келісім шарттың 2.4.1 тармағына сәйкес, жалға алушы алдыңғы айдың 25-не дейін айсайын 100% алдын ала төлем жасау шарты бойынша жалгерлік ақы сомасын жалға берушінің есеп айырысу шотына жіберу жолымен төленуі қажет.

Жауапкердің ғимаратты жалға алу бойынша қарызы 7 083 333 теңгені құраған, ол салыстыру актісімен дәлелденген.

Сот шешімімен талапкер «НК «А» АҚ-ның жауапкер «Е» ЖШС-нен қарыз сомасын өндіру  туралы арызы қанағаттандырылды.

Шешім заңды күшіне енді.

Источник: 
Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты.