Жауапкерден қарыз сомасы өндірілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласы Бостандық аудандық сотында  «ККБ» АҚ-ның  «Д»-ден қарыз сомасын өндіру туралы азаматтық іс қаралды.

«ККБ» АҚ мен «Д» арасында банктік заем келісімі  жасалған, бұл келісім негізінде жауапкерге 119 айға, 16,5% жылдық сыйақыда, 4 000 000 теңге сомасындағы кредит берілді.

Банк өзіне алған міндеттерді орындады, ал жауапкер өз мойынына алған қарызды өтеудегі міндеттемелерді орындаған жоқ. Сол себептен қазіргі таңға 5991 186 теңге қарыз сомасы пайда болды.

Сот шешімімен талапкер «ККБ» АҚ-ның арызы ішінара қанағаттандырылды. Жауапкер «Д»-дан  талапкер «ККБ» АҚ-ы пайдасына  5 217 523 теңге қарыз сомасы өндіру туралы шешім қабылдады. Арыздың қалған бөлігі қанағаттандырусыз қалдырды.

Шешім заңды күшіне енді.

Қайнар: 
Алматы қаласының Бостандық аудандық соты