Жасөспірімдер сотының жұмысы жайлы

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты «Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің студенттерінің қатысуымен  ашық есік  күні өткізілді.

Кездесуде төрағаның м.а. А.Баймурзина сөз сөйлеп, соттың құрылуының маңыздылығын атап өтті, аталған сотта қаралатын істер, олардың санаттары және жалпы соттың қызметті туралы  мағлұмат берді. 

Өткізілген ашық есік күні шегінде қатысушыларға сот отырысы хатшысының қызметімен танысу және сот отырыстарына қатысу мүмкіншілігі берілді.

Ашық есік күнін өтікізу барысында білімгерлер азаматтық қылмыстық және әкімшілік істердің, материалдардың  қаралу мерзімі мен  тәртібі туралы,  дыбыс бейне жазба құрылғысын қолдану бойынша сот отырыстарын жүргізу қағидалары туралы сұрақтар қойып олар бойынша жауап алды.       

Ашық есік күнінің соңында қатысушылар өздерінің ой-пікірлерімен бөлісіп, танысқан мәліметтерді болашақ маман ретінде  тәжірибе жүзінде қолдану қажеттілігін атап өтті. 

Қайнар: 
Алматы қаласының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты