Жалдау шарты бойынша міндеттерін тиесілі орындамаған

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласының Медеу аудандық сотында талапкер «Т» ЖК жауапкерлер С. және Ш.-дан қарызды өндіру туралы талап арыз қаралды.

Азаматтық істің құжаттарынан, 14 наурыз 2016 жылы «Т» ЖК және С. арасында 30 ай мерзімге автокөлікті жалға беру шартын жасаған.

Сондай-ақ, 03 мамыр 2016 жылы «Т» ЖК және Ш. арасында шарт жасалған, осы шартқа сәйкес С. кепілгер  ретінде қатысты.

Жалдау шарты бойынша міндеттерін тиесілі орындамағанына байланысты, С.-да 440 000 теңге көлемінде  қарыз жиналған. С. автокөлікті қабылдап беру актісімен жақсы техникалық жағдайда алып, қайтару кезінде техникалық ақаулар анықталған, ол автомобильдің техникалық жағдайын бағалау актісінде көрсетілген.

ҚР АК 287 бабының 3 бөлігіне сәйкес, борышқорлар ортақтасып мiндеттi болған жағдайда несие берушi барлық борышқорлардан да, жеке-жеке алғанда олардың кез келгенiн де, оның үстiне борышты түгелдей де, бөлшектеп те орындауды талап етуге құқылы.

Сот талапты толық қанағаттандыруды шешті.

Шешім заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Алматы қаласы Медеу аудандық соты