Ыстық сумен қамтамасыз еткені үшін қарыз сотпен өндірілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласының Медеу аудандық сотында талапкер «Алматы жылу жүйесі» ЖШС-нің жауапкерлер С.-нан дебиторлық қарызды өндіру туралы талап арыз қаралды.

Азаматтық істің құжаттарынан, 13 қыркүйекте 2007 жылы қоғамдық  келісім шартымен жылумен жабдықтау қолданысқа еңгізілген, осыған  сәйкес «Алматы жылу жүйесі» ЖШС-гі көп пәтерлі тұрғын үй пәтерлерінің жылумен қамтамасыз етеді.

ҚР АК 189 бабының 1 бөлігіне сәйкес, меншiк иесi, егер заң құжаттарында немесе шартта өзгеше көзделмесе, өзiне тиесiлi мүлiктi күтiп ұстау ауыртпалығын көтередi және бiржақты тәртiппен мұндай ауыртпалықты үшiншi жаққа ауыстыра алмайды. 

Жауапкерлер жылу жабдықтарының және ыстық су жабдықтарының тұтынушысы бола тұра, көрсеткен қызметтері үшін ұсынған шот бойынша төлем жасамалған. Жалпы қарыз сомасы 173 746 теңгені құрайды.

Сот шешімімен «Алматы жылу жүйесі» ЖШС-нің талабы қанағаттандырылды.

Шешім заңды күшіне енді.

Қайнар: 
Алматы қаласының Медеу аудандық соты