Үкім заңды күшіне енген жоқ

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласы Бостандық ауданының №2 аудандық сотында Қазақстан Республикасының  ҚК-нің 345 бабының 1 бөлігімен  айыпталған Т-ға қатысты қылмыстық ісі қаралды.

Сотпен анықталғандай,  2017 жылғы сәір айының ортасында сағат 11.30 шамасында Т. «Лада» маркалы автокөлікті Навои көшесімен қозғалыстың қауіпті жағдайында жүргізіп келе жатып, Қазақстан Республикасының Жолда жүру қағидаларының 10.1 бөлімінің талаптарын бұзып, яғни назарын арттырмаған, жолдағы жағдайға байланысты қауіпсіздік шараларын қолданбаған, қозғалысқа қажетті қауіпсіздік шараларын қабылдамаған. Сонымен қатар, өзінің іс-әрекетімен қоғамдық қауіпсіздікті бұзатынын біле тұра, қозғалысын жалғастырып, №310 үйге қарама-қарсы сол жақ бұрылыс маневрын жасап, Жолда жүру қағидаларының 8,1 жіне 8,9 талаптарын бұзып, маневр кезінде қауіпсіздік шараларын қолданбай және қозғалыстың өзгеде қатысушыларына кедергі келтірмеуіне көз жеткізбей, солға бұрылатын кезде қарама-қарсы бағытта келе жатқан көлік құралына жол бермей жүргізуші А., басқарып келе жатқан «ВАЗ» маркалы автокөлікке жол бермей көлік соқтығысын жасаған.  Аталған жол көлік оқиғасы салдарынан, жәбірленуші А.-ның денсаулығына ауырлығы орташа деңгейде зиян келтірілген.

Сот үкімімен Т. Қазақстан Республикасының  ҚК-нің 345 бабының 1 бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 240 сағат көлемінде қоғамдық жұмысқа тарта отырып, 2 жыл мерзімге көлік басқару куәлігінен айыру жазасы тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Алматы қаласы Бостандық ауданының №2 аудандық соты