Үкім шығарылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласы Алмалы аудандық сотында Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296 бабының 1,2 бөліктерімен (есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен, прекурсорлармен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) сотқа берілген  У.-ке қатысты  қылмыстық іс қаралды.

29 тамыз айында 2017 жылы шамамен 19.00 уақытта Алматы қаласындағы «QWERTY» клубында құқық қорғау органдарының қызметкерлері сотталушы У.-тың үстелде жатқан өзіндік иісті, көк түсті өсімдік затымен толтырылған сіріңке қорабы анықталып  алынды. Сараптама қорытынды бойынша,  сіріңке қорабында көрсетілген өсімдік заты  «марихуана» есiрткi болып танылған.

Басты сот талқылауында сотталушы У., тергеу барысында «марихуана» есiрткiмен толтырылған сіріңке қорабынды тауып алып қалтасына салғанын айтып, тағылған айыпты толық мойындап, шын жүректен өкінді.

Сот үкімімен У. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабының 2-бөлігінде көрсетілген қылмсты жасауда  кінәлі деп танылып, оған  453 800  теңгеде 200 айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға жазаланды.

 

Үкім заңды күшіне енбеді.

Источник: 
Алматы қаласы Алмалы аудандық соты