Уәкілетті органның әрекетін даулау және жіберіп алған пайда сомасын өндіруден бас тартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотымен талапкер «Еуразия» Сақтандыру компаниясы» АҚ-ның жауапкер «Газопровод Бейнеу-Шымкент» ЖШС-не уәкілетті органның шешімін заңсыз деп тану және шығын сомасын өндіру туралы арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Азаматтық іс материалдарынан анықталғаны,  «Газопровод Бейнеу-Шымкент» ЖШС-гі 01 шілдеде 2016 жылы құрамдастырылған сақтандыру бойынша құрылыс-монтаждық тәуекелді және үшінші тұлғалар алдында азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сатып алу бойынша тендер жариялаған.

Тендер қорытындысы бойынша «Еуразия» Сақтандыру компаниясы» АҚ-мы жеңімпаз болып танылды, бірақ, «Газопровод Бейнеу-Шымкент» ЖШС-гі шешім қабылдап тендер қортындысының күшін жойды.

Талапкердің сотқа жүгінуінің негізі, жауапкердің тендер жеңімпазымен келісім шарт жасауы бойынша өз міндеттерін орындамауы болып табылады.

Одан бөлек, «Газопровод Бейнеу-Шымкент» ЖШС-гі Қазақстан-Қытай газ құбырын салу және пайдалануға беру бойынша серіктестік туралы келісім негізінде құрылған, ҚР Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасында жасалған, ҚР заңымен ратификацияланған.

18 тамыз 2016 жылы сатып алуды жүзеге асыру кезінде бұзушылықтардың болуына байланысты, серіктестік басқармасымен «Еуразия» Сақтандыру компаниясы» АҚ-нан сатып алуды жүзеге  асырудан бас тарту туралы шешім қабылданды.

ҚР Азаматтық кодексінің 915-бабының 5-тармағы талапкер мен жауапкер арсындағы қатынасқа қолданылмайды, себебі ҚР Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасында жасалған халықаралық келісімнің 10-бабына қайшы келеді.

Халықаралық келісім ҚР-ның ұлттық заңнамасынан басым болғандықтан, сот талапкердің ҚР АК-ның 915-бабының 5-тармағына сәйкес шығындарды өндіру туралы және жауапкердің уәкілетті органының шешімін заңсыз деп тану туралы дәлелі негізсіз деп шешті, талапты қанағаттандырудан бс тартты.

Шешім заңды күшіне енді.

Источник: 
Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының баспасөз қызметі