Архив событий

24/04/2017

Жалға алу келісім шартын жасауға мәжбүрлеу туралы талап арыз ішінара қанағаттандырылды

24/04/2017

Алматы қаласының №2 Әуезов аудандық сотымен жауапкер Б.-ға талапкер «Қазақ ұлттық аграрлық университеті» АҚ-ның жалға алу келісім шартын жасауға мәжбүрлеу туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Алматы қаласы әкімшілік сотында сот қаулысын орындау кезіндегі өзекті мәселелерді талқылады

24/04/2017

Алматы қаласы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы қаулының орындауға байланыстыөзекті сұрақтары» бойынша сот судьялары мен мамандары, Алматы қаласы пркуратурасының аудандық бөлім прокурорлары және жеке сот орындаушыларының қатысуымен дөңгелек үстел өтті.

Маскүнемдік, нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауыратын адамдарға мәжбүрлі түрде емделуді тағайындау мәсеклелері талқыланды

24/04/2017

Алматы қаласы Наурызбай аудандық сотының судьяларымен ұйымдастыруымен прокуратураның өкілдерімен,  Алматы қаласының наркологиялық орталығының өкілдерімен және Наурызбай ауданының Ішкі істер басқармасының қызметкерлерімен дөңгелек үстел өткізді. Дөңгелек үстел барысында маскүнемдік және нашақорлықпен ауыратын адамдарға мәжбүрлі түрде емделуді тағайындау туралы сөз қозғалды.

Сотта маскүнемдікпен, нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауыратын науқастарды мәжбүрлеп емдеуге жіберу мәселелері талқыланды

24/04/2017

Дөңгелек үстелге Медеу аудандық сотының төрағасы Е.Тотыбай-Тегі, Медеу аудандық сотының судьялары, «Қалалық дәрігерлік-әлеуметтік саулық наркологиялық орталығының» ішкі аудит бойынша бас дәрігерінің орынбасары      Р.Татиева, Медеу аудандық прокуратурасының бөлім прокуроры Ә.Базарбаев, Медеу ауданының ІІБ-ның ТБ-нің аға тергеушісі полиция капитаны Б.Бақытұлы, Медеу ауданының ІІБ-ның ЖПҚ-нің бастығы К.Ускенбаев.

Сотпен жолдың қарсы бетіне шыққаны үшін бір жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды

24/04/2017

Алматы қаласы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 596 бабы 3 бөлігі (Көлік құралын жолдың жүру бөлігінде орналастыру, қарсы жүріп өту немесе басып озу қағидаларын бұзу) бойынша азамат К-ға қатысты әкімшілік ісі қаралды.

Әуэзов аудандық №2 сотында Ашық есік күні өткізілді

24/04/2017

Алматы қаласы №2 Әуезов аудандық сотында соттың қызметі туралы Т.Рысқұлов атындағы экономикалық университеттің студенттерімен соттың қызметі туралы «Ашық есік күні» өтті.

Аталған іс-шара барысында судья И.Абекова «Төрелік» ақпараттық жүйсі және «Сот кабинеті» электрондық ақпараттық қызметі туралы студенттерге түсіндірді.

Материалдық және моральдық залалды өндіру туралы талап арыз қанағаттандырылды

24/04/2017

Алматы қаласы Бостандық аудандық сотында «У» талапкердің жауапкер «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ-на, «Standard» СК АҚ-на материалдық және моральдық залалды өндіру туралы азаматтық іс қаралды.

Талапкер қарызды төлеуге міндеттелді

24/04/2017

Алматы қаласы Бостандық аудандық сотында «Grassa» ЖШС-нің қарызды өндіру туралы талап арызы бойынша азаматтық іс медиация тәртібімен азаматтық іс қаралды.

Дипломды беруге міндеттеу туралы талап арыз қаралды

24/04/2017

Алматы қаласы Бостандық аудандық сотында «К» талапкердің жауапкер Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық зерттеу техникалық университеті ҰАҚ-на мемлекеттік үлгідегі дипломды беруге міндеттеу туралы азаматтық іс қаралды.

Қарызды және моральдық залалды өндіру туралы прокурордың талап арызы қанағаттандырылды

24/04/2017

Алматы қаласы Бостандық аудандық сотында Жетісу ауданы прокурорының  талапкер «З» мүддесінде  «Водоканал» МКМ-неқарызды және моральдық залалды өндірутуралы азаматтық іс қаралды.

Некені бұзу туралы дау медиация тәртібімен қаралды

24/04/2017

Алматы қаласы  Бостандық аудандық сотында «А»-ның «С»-мен некені бұзу туралы талап арызы бойынша азаматтық іс медиация тәртібінде  қаралды.

Азаматтық іс материалдарынан, тараптар 2007 жылы некеге отырған. Бұл некеден кәмелетке толмаған екі балалары бар. Жауапкер балаларды тәрбиелеуге және отбасылық өмірге атсалысқан жоқ.