Тараптар ортақ келісімге келді.

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласы Наурызбай аудандық сотында Қазақстан Республикасының  ҚК –нің 345 бабының 1 тармағымен Ж.А. ға  қылмыстық іс қозғалды.

25 маусым күні шамамен 6 сағат 50минутта, жүргізуші ЖА Мерседес Бенз автокөлігімен Таусамалы ықшам ауданының оңтүстік бағытында қозғалды, сонымен қатар қауіптілігі жоғары Жандосов көшесінің  қиылысынмен  2.4. (Жол Бер) белгісінің болуына қарамастан, Қазақстан Республикасының а.т. 10.1  және 13.11 бұзушылықтармен , басты жолмен келе жаткан Ниссан Максима автокөлігімен соққы жасады , соқтығыс нәтижесинде азамат ИА денсаулығына ауырлығы орташа зиян келтірілді.  

Сот талкылауы  барысында тараптардың медиативтік келісімді бекіту туралы жазбаша өтініші келіп түсті.

Сот   сотталушы  ЖА ның кінәсін толық мойындағанын назарға алып , жәбірленушіге физикалық және моральдік залалдар қалпына келтірілді.

Қылмыстық теріс қылық немесе қазаға ұшыратумен байланысты емес онша ауыр емес немесе ауырлығы орташа қылмыс жасаған адам , егер ол жәбірленушімен,арыз берушімен татуласса,оның ішінде медиация тәртібімен татуласса және келтірілген зиянды қалпына келтірсе , қылмыстық жауаптылықтан босатылуға жатады.

Сот  ЖА ға қатысты қылмыстық істі тоқтатуға қаулы етті.

Қаулы заңды күшіне енді.

Источник: 
Наурызбай аудандық сотының баспасөз қызметі.