Тараптар медиативтік келісімге жетті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласы Бостандық аудандық сотында талапкер «А»-ның жауапкерлер «И» мен «Р»-ге қатысты жауапкерлерді өз шотынан тұрғын емес уй жайды оқшаулау туралы азаматтық іс қаралды.

Тараптар өзара дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімге жетті және сотқа оны бекіту туралы арызымен жүгінді.

Дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісім келесі шарттарда жасалған: жауапкерлер ұйғарымның заңды күшіне енген соң 3 күн ішінде  тұрғын емес уй жайды  өз шотынан оқшаулайды және  бұдан былай қойылған темір есік бойынша талапкердің жазбаша келісімінсіз еш іс әрекет жасамайды. Талапкер өз талап арызынан бас тартады.

Сот ұйғарымымен  талапкер «А» мен жауапкерлер «И»  мен «Р» арасында жасасқан медиативтік келісімді жоғарыдағы шарттарда бекітті.

Ұйғарым заңды күшіне енді.

 

Қайнар: 
Алматы қаласы Бостандық аудандық соты