Тараптар медиация тәртібінде келісім бекітті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласының Медеу аудандық сотында талапкер С. жауапкер А.-дан қарызды өндіру туралы талап арызы қаралды.

 Азаматтық істің құжаттарынан, 18 қараша 2014 жылы С. және А. арасында қарыз шарты жасалынған, осыған сәйкес А. С.-дан  3 781 800 теңге көлемінде қарыз алған.

Жоғарыда аталған азаматтық іс бойынша сот мәжіліс барысында тұлғалардан медиациялық келісімді бекіту туралы жазбаша арыз түсіп, оны бекітуді сұрады.

Медиациялық келісімнің шарттарына сәйкес, талапкер озінің қарызды өндіру туралы талап арызынан бас тартады. Жауапкер қарызды толық өтегенше, әр айдың 30 на дейін 500 000 теңге көлеміндегі соманы төлеп тұруға міндеттенеді.  

Сот медиациялық  келісімді бекіту алдында тараптарға оның құқықтық салдарын түсіндірді.

Сот ұйғарымымен  медиация тәртібінде келісім бекітілді.

Ұйғарым заңды күшіне енді.

Источник: 
Алматы қаласы Медеу аудандық соты