Тараптар дауды реттеу туралы келісімге келді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласының Медеу аудандық сотында талапкерлер М., Б. жауапкерлер Е., В.-ға қатысты зиянды өндіру туралы талап арызы қаралды.

Азаматтық істің құжаттарынан, Қабанбай батыр және Панфилов көшелерінің қиылысында көлік қақтығысы болды. Жауапкер Е., В.-ға тиесілі «Ниссан Террано» автокөлігін жүргізіп келе жатып «Тойота Rav-4» автокөлігімен соқтығысқан.

Жоғарыда аталған азаматтық іс бойынша сот мәжіліс барысында тұлғалардан медиациялық келісімді бекіту туралы жазбаша арыз түсіп, оны бекітуді сұрады.

Медиациялық келісімнің шарттарына сәйкес, жауапкерлер талапкерлер алдында 172 305 теңге көлеміндегі өз қарыздарын мойындап, аталған қарызды толық өтегенше, әр айдың 20-на дейін 25 000 теңгеден төлеп тұруға міндеттенеді.   

Сот медиациялық  келісімді бекіту алдында тараптарға оның құқықтық салдарын түсіндірді.

Сот ұйғарымымен медиация тәртібінде келісім бекітілді.

Сот келісімді медиациялық тәртіп бойынша бекітті.

 

 Ұйғарым заңды күшіне енді.

Источник: 
Алматы қаласы Медеу аудандық соты