Тапсырыс беруші оған көрсетілген қызмет үшін ақы төлеуге міндетті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотымен «M» ЖШС-нің жауапкер «A» ЖШС-нен 1 695 295 теңге көлемінде қарыз сомасын өндіру туралы арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Азаматтық іс материалдарынан анықталды, «M» ЖШС-гі мен   «A» ЖШС-гі арасында  өнімді сату үшін маргетингтік қызмет көрсету туралы келісім шарт жасалған, келісімнің шарттарына сәйкес орындаушы ұсынады, ал тапсырыс беруші өнімді сату бойынша қызметті қабылдап алып төлемін жасайды.

ҚР Азаматтық кодексінің 683-бабының 1-тармағына сәйкес өтелмелі қызмет көрсету шарты бойынша орындаушы тапсырысшының тапсырмасы бойынша қызмет көрсетуге міндеттенеді, ал тапсырысшы бұл қызмет көрсетуге ақы төлеуге міндеттенеді, сонымен бірге АК-тің 685-бабының 1-тармағына сәйкес тапсырысшы өзіне көрсетілген қызметтерге өтелмелі қызмет көрсету шартында көрсетілген мерзім мен тәртіпте ақы төлеуге міндетті.

Келісім шарттың 3.3 тармағына сәйкес, тапсырыс берушімен төлем орындаушының есеп шотына бір күнтізбелік ай ішінде 100 % алдын ала төлем жасау арқылы ақша құралын аудару арқылы жасалады.

Талапкер жауапкерге тиісті түрде қызмет көрсеткен, сонымен қатар жауапкер тарапынан көрсетілген қызмет үшін уақытылы және толық көлемде төлем жасау міндеті  тиісті түрде орындалмаған, соның нәтижесінде 1 695 295 теңге көлемінде қарыз сомасы пайда болған, ол іс материалдарымен, атқарылған жұмыс актісімен, шот-фатураларымен және басқа да құжаттармен дәлелденген. Осындай мән-жайлардың негізінде, өзінің талап арызының негізінде талапкердің ұсынған дәлелдерін зерттеп, жауапкер тарапынан наразылық түспегенін ескере отырып, сот талапкердің талап арызы қанағаттандырылуға жатады.

Сот шешімімен талапкер «M» ЖШС-нің жауапкер «A» ЖШС-нен 1 695 295 теңге көлемінде қарыз сомасын өндіру туралы арызы қанағаттандырылды.

Шешім заңды күшіне енді.

Источник: 
Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты