Тапаншадан оқ атқаны үшін айыппұлға тартылды.

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында Қазақстан Республикасының  ӘҚБтК-нің  436  бабының 1 бөлігі бойынша азамат С-ге қатысты әкімшілік ісі қаралды.

8 тамыз 2017 жылы сағат 17.30 шамасында Алматы қаласы Шелихова 104 үйдің ауласында бола тұра, қару тапаншадан көршілерге қаратып оқ атқан, сондай-ақ қоғамдық тыныштықты бұза отырып, азамат П-ның жеке мүлкін бүлдірген.

Сот қаулысымен С. әкімшілік құқық бұзушы болып танылып, оған  әкімшілік жаза ретінде  20 айлық есептік көрсеткіш, 45380 теңге көлемінде әкімшілік айыппұлға тартылып, әкімшілік құқық бұзушылық оқиғасының  тақырыбы болған зат тәркіленді.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Алматы қаласы мамандандырылған ауданарлық әкімшілік соты.