Талапкермен несие беру шарты орындалды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласы Жетісу аудандық сотында талапкер «FB» АҚ-ның жауапкер С.-ға қатысты  қарыз соманы өндіру туралы азаматтық іс қаралды.

2007 жылдың қазан айының  10-ы жұлдызында жасалған банктік қарыз шарты бойынша «Альянс Банк» АҚ-ы  жауапкерге 133 000 АҚШ долларын құрайтын сомманы сыйақы мөлшерімен бөліп төлеу шартымен несие береді. Банк тарапынан келісімнің шарты орындалып несиелік сомма жауапкермен алынған болатын, алайда жауапкер тарапынан несие өтеу бойынша  төлем жүргізілмеген болатын.

2015 жылдың ақпан айының 10-жұлдызында «Альянс Банк» АҚ-ы “FB” АҚ-ы болып өзгертілген.

Есеп бойынша, жауапкердің банк алдында қарызы 2015 жылдың маусым айының 30-ы жұлдызына 251 210 АҚШ долларын құрайды.

Сот шешіміміен талап арызы қанағаттандырылды.

Шешім заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Алматы қаласы Жетісу аудандық соты