Талапкердің талап арызы қанағаттандырылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласы Алмалы ауданының №2 аудандық сотында талапкер Алматы қаласы Алмалы ауданы бойынша мемлекеттік кірістер Басқармасының жауапкер А-дан  салық салынбайтын төлемнің, жеке табыс салығы бойынша есептелген сомасын өндіріп алу туралы талап арызы бойынша азаматтық ісі қаралды.

Сотпен анықталғаны, 15.09.2012 жылғы құжаттық салық тексерістің №2795 актісіне сәйкес, жауапкер А-мен табыс алынып, бұл табысынан салық салынбайтын төлеміне, жеке табыс салығына төлем мен есептеу жасалынбаған.

Сот шешімімен талапкердің талап арызы толықтай қанағаттандырылды.

Шешім заңды күшіне енбеген.  

 

Источник: 
Алматы қаласы Алмалы ауданының №2 аудандық сотының бас пасөз қызметі