Талапкердің арызы заңды және негізді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотымен «К» АҚ-ның жауапкер «R» ЖШС-нен қарыз сомасын өндіру туралы арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Іс материалдарынан анықталғандай, тараптар арасында үй жайдың меншік иесі болып табылмайтын абоненттерге телебайланыс қызметін көрсету келісім шарты жасалған, шарттарға сәйкес талапкер жауапкерге телебайланыс қызметін көрсетуге міндеттенген, келісім шартта көзделген көлем мен шарттар негізінде,  ал жауапкер көрсетілген қызметтерге келісімде көзделген шарттар мен мерзімде төлем жасауға міндетті. Клиент төлемді бір уақытта және әр ай сайын қойылған шот негізінде жасайды, ол күнтізбелік айдың 15 дейін қойылады, берілген ай сайынғы шоттар шотта көрсетілген мерзім ішінде клиентпен төленуі қажет.

Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 683-бабының 1,2-тармақтарына сәйкес, өтелмелі қызмет көрсетушарты бойынша орындаушы тапсырысшының тапсырмасы бойынша қызмет көрсетуге міндеттенеді, ал тапсырысшы бұл қызмет көрсетуге ақы төлеуге міндетті.

Азаматтық кодексінің 685-бабының 1-тармағына сай, тапсырысшы өзіне көрсетілген қызметтерге өтелмелі қызмет көрсету шартында көрсетілген мерзім мен тәртіпте ақы төлеуге міндетті.

Сөйтіп, жауапкермен келісім шарт бойынша міндеттері тиісті түрде орындалмаған, соның нәтижесінде 3 239 600 теңге көлемінде қарыз пайда болған, ол азаматтық істегі шот-фактураларымен дәлелденген.

Сот шешімімен талап арыз толық көлемде қанағаттандырылды.

Шешім заңды күшіне енді.

Қайнар: 
Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты