Талапкер Заңмен көзделген мерзімді бұзбаған

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотымен «М» КММ-нің жауапкер «А» ЖК-ін мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп тану туралы арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Азаматтық іс материалдарынан анықталды, «М» КММ-сі мен «А» ЖК-і арасында жасалған мемлекеттік сатып алу келісім шартына сәйкес, жауапкер талапкердің сұранымы негізінде 829 260 теңге сомасына электр ажыратқыштарды жеткізіп беруге міндеттенген, ал тапсырыс беруші берілген тауарды қабылдап төлемін жасауға міндеттенген.

Жеткізіп берушімен қабылдап алынған сұранымға сәйкес, тапсырыс беруші тауарды 30 күнтізбелік күн ішінде жеткізіп беруді сұраған, бірақ  жеткізіп беруші хатпен тауарды жеткізуден бас тартқан, қаржылық қиындықтарға сілтеме жасап.

Азаматтық кодекстің 272-бабының талаптарына сәйкес, міндеттеме – міндеттеме шарттары мен заң талаптарына сәйкес тиісінше орындалуға тиіс, АК-тің 273-бабына сәйкес, заңдарда немесе шартта көзделгеннен басқа реттерде міндеттемені орындаудан біржақты бас тартуға және оның шарттарын біржақты өзгертуге жол берілмейді.

Осыған байланысты, сот қорытындыға келді талапкердің жауапкерді мемлекеттік сатып алу келісім шарт бойынша міндеттерін орындамағанына байланысты мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп тану туралы талап арызы заңды.

Сот шешімімен талапкер «М» КММ-нің жауапкер «А» ЖК-ін мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп тану туралы арызы қанағаттандырылды.

Шешім заңды күшіне енді.

Источник: 
Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты