Талап арыз қанағаттандырылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласы Жетісу аудандық сотында талапкер «MG» ЖШС-нің жауапкер А.-ға берген қарыз соманы өндіру туралы азаматтық іс қаралды.

2014 жылдың мамыр айының 31-і жұлдызы күні «MG» ЖШС-і және  жауапкер  А. арасында  бағасы 495 000 теңгені  құрайтын су тазалайтын фильтрді  бөліп төлеу шартымен сатып-алу сату шарты жасалады. Шарт  бойынша сатып алушы 15 000 теңгені алдына ала төлеп, қалған соманы 10 айға бөліп төлеуге міндеттеледі.

15 000 теңгені құрайтын соманы алдын ала төлем жүргізілген сәттен кейін, компания тауарды белгіленген мекен-жайға жеткізіп және құрастыру жұмыстарын жүргізген болатын.

Алайда, жауапкер өз міндеттерін орындамай, сатып алынған тауарға байланысты қарыз соманы өтеу мәселесі бойынша  төлем жүргізбей келеді.

Сот шешімімен «MG» ЖШС -нің  соманы өндіру туралы  талап арызы  қанағаттандырылды.

Шешім заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Алматы қаласы Жетісу аудандық соты