Талап арыз қанағаттандырылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласы Бостандық аудандық сотында талапкер АҚ «Цеснабанк» жауапкер «Б» қатысты қарызды өндіріп алу мен мүлікті кепілдікке өткізу туралы азаматтық іс қаралды.

Талапкер «Цеснабанк» АҚ сотқа өз талап арызымен соттан жауапкер «Б»  3 484 926 теңге мөлшеріндегі қарыз сомасын  өндіріп алу, мемлекеттік баж сомасын өндіріп алу және жауапкердің жекеменшік мүлігіндегі 2014 жылғы KIA RIO  автокөлігін банктің кепілдігіне өткізу мақсатымен жүгінді.

Талапкердің талабы келесі негізде дәлелденеді: талапкер АҚ «Цеснабанк» пен жауапкер «Б» арасында кредиттік келісімге қол қойылған.

Кредиттің төленуін қамтамасыз ету мақсатында жауапкер кепіл ретінде өз мулкіндігіндегі автокөлікті кепілге қойған. Алайда жауапкер өз міндеттерін тиісінше орындамаған.

Сот шешімімен талап арыз қанағаттандырылды.

Шешім заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Алматы қаласы Бостандық аудандық соты