Судьялыққа іріктеу –  үміткерлер үшін маңызды кезең

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қалалық сотында өткен Алматы қ. соттарымен өзара іс-қимыл жөніндегі Кеңестің кезекті отырысында судья лауазымына орналасуға соттардың қазіргі төрағалары және судьяларымен, сондай-ақ судья лауазымына үміткерлермен әңгімелесу жүргізілді. Конкурсқа барлығы 70-тен астам адам қатысты.

Бұл жолы әңгімелесу кезеңінен судья лауазымына алғаш рет үміткер болған 16 үміткер өтті. Бұл рәсім судьялыққа іріктеуден өткісі келетіндер үшін аса маңызды. Ережеге сәйкес, жауапты позицияға үміткерлерді қарастыру кезінде олардың әрбірі алдымен әңгімелесуден өтеді, осылайша, Қоғамдық кеңес мүшелері олардың моральдық-этикалық қасиеттерін, істерді объективті қарауға және әділ шешімдер шығаруға дайындығын, кәсіби еңбек өтілін, білімі мен жұмыс дағдыларын бағалай алады.

Осы аспектілерді талқылау үміткерлердің моральдық-этикалық және кәсіби тұрғыдан судья лауазымына қаншалықты әзір екенін білуге мүмкіндік береді. Үміткерлердің этикалық ұстанымдарды сақтауы, оларда сөгістің және әкімшілік айыппұлдардың болмауы да үлкен маңызға ие.

Қоғамдық кеңес осы рәсімнен кейін судья лауазымына тағайындау үшін қандай үміткерлер сәйкес келетіні туралы ұсыныс қорытынды шығарды. Бұл пікір соңғы шешім қабылданатын келесі сатыларда ескерілетін болады.

Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі