Архив событий

01/03/2024

Сот сараптамасы мәселелері талқыланды

01/03/2024

Соттың сараптама тағайындауы - істі жан-жақты, толық және объективті қарауға бағытталған, іс бойынша дәлелдемелер алу тәсілі. Бұл процедура істі мәні бойынша шешетін соттың құзырында болады.

Алматы қаласының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында сот сараптамалық қауымдастығының өкілдерімен, Алматы қаласының сот сараптамалары институтының құрылымдық бөлімшелерінің басшыларымен, жеке сот сарапшылары палатасының мүшелерімен, "TreeGene" сараптамалық мекемесімен және сот судьяларымен кездесу өтті.

Алғыс айту күнімен! Құрметті отандастар!

01/03/2024

Сіздерді Алғыс айту күнімен құттықтаймын!
Бұл – береке-бірлігімізді бекемдей түсетін мереке. Осы күні еліміздің азаматтары бір-біріне ерекше ілтипат көрсетіп, ризашылығын білдіреді. Сондай-ақ татулық, ынтымақ, достық сынды қастерлі құндылықтар жан-жақты дәріптеледі. Мұның бәрі ұлтты ұйыстырудың ұтымды жолы екені сөзсіз.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев