Архив событий

28/03/2024

«Алқабилер сотына қандай тыйым салынады»

28/03/2024

тақырыбында өткен интервью бейнеролигін назарларыңызға ұсынамыз.

Спикер:
Алматы қ. қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы
-Бақытхан Бәкірбаев

Сілтеме бойынша таныса аласыздар: https://www.youtube.com/watch?v=1P8xhtRTnwk&ab_channel=AlmatyTVNews

Бұзақылық жасағаны үшін жауапқа тартылды

28/03/2024

Алматы қаласының әкімшілік құқық бұзушылық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотымен А.-ға қатысты ұсақ бұзақылық фактісі бойынша (ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігі) материал қаралды.

Сотпен анықталғаны, 2024 жылдың 26 наурызында «Л» кафесінің жанынан өтіп бара жатқан адамдар, А.-ның мылтық ұстап тұрғанын көрген. А. мылтықты алып тастау туралы ұсынысқа жауап бермей, сонымен бірге әдепсіз сөздер айтып, өзгелерге сыйламаушылық танытып, қоғамдық тәртіп пен азаматтардың тыныштығын бұзған.

Сотта А. өз кінәсін мойындап, істеген ісіне өкініш білдірді.