Студенттермен кездесу

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласы Бостандық ауданынын №2 аудандық сотында өндірістік тәжірибеден өтіп жатқан Аль-Фараби атындағы ҚазҰУ және Евразиялық Технологиялық университеттің заң факультетінің студенттерімен тәжірибені қорытындылау және мамандық таңдау тақырыбында кездесу өтті.

Кездесу барысында аудандық соттың төрағасы Ж.С. Бекжанов студентерге Ұлттық сот жүйесінде жүргізіліп жатқан реформалар туралы әңгіме қозғады. Сонымен қатар студенттерден түскен қылмыстық істердің қаралу тәртібі мен қаралу мерзімі жайындағы саулдарға аудандық соттың төрағасы                         Ж. Бекжанов терең, әрі жан-жақты жауап берді.

Источник: 
Алматы қаласы Бостандық ауданының №2 аудандық соты