Сотталушы қылмыстық жауаптылықтан босатылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласы Бостандық ауданының №2 аудандық сотында Қазақстан Республикасының ҚК-нің 188 бабының 1 бөлігімен (ұрлық) айыпталған С-ке қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотпен анықталғандай,  2017 жылғы 9 маусым күні  сағат 12.00 шамасында С.  өзінің туысқаны А-ның үйінде осы уақытқа дейін тұрып келіп, отбасылық ұрыс-керіске байланысты, Алматы облысына уақытша кету үшін өзінің заттарын жинап жатқан. Алайда, сол сәтте С-тің ойына А-ға тиесілі ақшалай қаражатты    жасырын жымқыруға бағытталған қылмыстық пиғылы пайда болған. Соңынан, үйде ешкімнің жоқ екенін пайдаланып, қылмыстық пиғылын соңына дейін жеткізу мақсатында А-ның жатын бөлмесіне бет алып,  сол жерден А-ға тиесілі ақшалай қаражатты іздеген. Жатын бөлмеде болып, ақшалай қаражат және жеке заттары жатқан қорабшаны ашып А-ға тиесілі 130000 теңге ақшаны алып,  оқиға орнынан ғайып болған.

Сот қаулысымен Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 188 бабыының 1 бөлігімен  айыпталған С-ге қатысты қылмыстық ісі  ҚК-нің 68 бабының 1бөлігімен жәбірленушінің сотталушымен татуласуы негізінде медияция тәртібінде қылмыстық жауаптылықтан босатылып өндірістен қысқартылды.

Қаулы заңды күшіне енген.

Источник: 
Алматы қаласы Бостандық ауданының №2 аудандық соты