Сотта семинар өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласының Наурызбай аудандық  сотында судьялар  мен сот қызметкерлерінің қатысуымен «Іс жүргізу нұсқасы және сот қызметінде қолданылатын өзге ережелер» тақырыбына семинар өткізілді.

Бұл іс-шарада сот қызметін документациялы құжаттық қамтамасыз етуді жетілдіру мақсатында өндірілген аудандық сот қызметінде қолданылатын ережелер мен нұсқаулар талқыланды. Дөңгелек стол барысында және де материалды сот отырысындақарастыруға дайындау, хабардар ету қағаздарын жіберу, кейіптерді шақыру, протоколдарды жүргізу, істерді ресімдеу, істерді архивтеу, оны канцелярияға беру және т.т.сияқты секретарлардың негізгі функциялары талқыланған.

Және де канцелярия  меңгерушісі К.Әбдірайымова баяндама жасады, ол арыздарды қабылдау реті, соның  ішінде бұйрықтық, талап-арыздық, ерекше талап-арыздық, ерекше іс болғызудағы азаматтық істерді қараудың  мерзімдері мен реті, сот процестерінде дыбыс-бейнежазу қолдану, сот отырысының протоколын дайындау, «ТӨРЕЛІК» АЖ салу, істерді жоғары тұрған сатыларға жіберу, сот актілерін орындауға жіберу, сот актілерін секретарлармен  мерзімінде беру сияқты сот мамандары жұмысының жанды бағыттарын атап өтті.

Семинардың аяқталуына қарай, Наурызбай аудандық сотының мамандары сот жүйесін дамыту және жетілдіру, сот процесіне жаңа технологияларды енгізу, сот төрелігінің қол жетімділігі мен айқындығы бойынша өз пікірлерімен бөлісті, бұл тұтастай алғанда азаматтардың сот жүйесіне деген сенімділігін арттырады.

Источник: 
Алматы қаласының Наурызбай аудандық соты