Сотпен әкелік танылып, алимент өндірілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласы Түрксіб аудандық сотында талапкер Ш-ның жауапкер  И-ға әкелікті тану және алимент өндіру туралы азаматтық іс қаралды.

Талапкер Ш. жауапкер И-ге талап арызымен сотқа жүгініп, өз арызында 01.11.2009 жылдан 2010 жылға дейін жауапкермен азаматтық некеде тұрған. Осы некеден 2010 жылы Р. есімді бала дүниеге келген.  Баланың әкесі баланың жағдайына ынта танытып, өзі өтініш білдірмегендіктен баланың туу туралы куәлігінде әкесінің тегі көрсетілмеген. Бала өзінің асырауында және жауапкер ешбір материалдық көмек көрсетпегендіктен, талапкер әкелікті тану және алимент өндіру туралы арызбен жүгінуіне тура келген.

Жауапкердің талап арызды мойындамауы себебінен, сотпен молекулярно-генетикалық сараптама тағайындалды.

12.06.2017 жылғы №1006 сараптама қорытындысына сәйкес И. баланың биологиялық әкесі болып танылатыны расталды.

Сараптама қортындысынан кейін жауапкер талап арызды толығымен мойындады.

Сот шешімімен  әкелік танылып, жауапкер И-дан талапкер Ш-ның пайдасына кәмелетке толмаған 2010 жылы туылған бала Р.-ға оның кәмелектік жасқа толуына дейін асырауға жауапкердің  барлық табысының ¼ бөлігінен  алимент өндірілді.

Шешім заңды күшіне енді.                          

 

Источник: 
Алматы қаласы Түрксіб аудандық соты