Сотпен бұрынғы жұмысшыдан материалдық шығын өндірілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласы Алатау аудандық сотына талапкер «ДП» ЖШС-гі сотқа талап арыз беріп, онда жауапкер Н.-тан материалдық шығынды өндіруді сұраған.  

Сотта анықталғандай, 01.02.2015 жылы Н. еңбек шарты негізінде «ДП» ЖШС-не  жүргізуші-шабарман ретінде жұмысқа орналасқан.

01.02.2015 жылы «ДП» ЖШС-гі мен Н.-тың арасында толық материалдық жауапкершілік шарты жасалған. 13.04.2015ж. Б2-1283 шығыс-кассалық ордерге сәйкес Н. үш салоннан 511 281 теңге сомасын алған. Ақша алғаны туралы және шығыс-кассалық ордердегі қол қою жазбасын Н. даулаған жоқ әрі келісті, сондықтан сот материальдық шығынды жауапкерден өндірді.

Сот шешімімен талапкердің талап арызы қанағаттандырылды.

Сот шешімі заңды күшіне енді.

Источник: 
Алматы қаласы Алатау аудандық соты